Өңірлер

Ақмола облысының әкімі Бурабай ауылындағы жылу қазандығы құрылысының барысын тексерді

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорындарға, шаруа қожалықтарына, құрылыс және әлеуметтік нысандарға барды, деп хабарлайды әкімдік.
Ақмола 21 Шілде, 16:17

Аймақ басшысы  «Есіл-агро» ЖШС-де болды. Шаруашылыққа тиесілі 84,3 мың гектар ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жердің 30 мың 961 гектарына ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Олардың қатарында 16 мың 84 гектар бидай, 5 мың 963 гектарға арпа, 671 гектарға сұлы, 3 мың 414 гектарға майлы дақылдар егілген.

«Серіктестікте өсімдік шаруашылығына заманауи кешенмен өңдеу жұмыстарын жүргізген. Органикалық және минералды тыңайтқыштар пайдаланған. Бұдан бөлек мұнда голштино-фриз асыл тұқымды тайыншалар өсірілуде. Бордақылау алаңында етті бағыттағы 300 бас ірі қара байлаулы тұр. Кәсіпорында 2015 адам жұмыс істейді»,-делінген хабарламада.

Бұдан әрі С.Кулагин «Бурабай ауылындағы тазарту ғимаратының құрылыс» насынына ат басын тіреді. Болашақта нысан өнімділігі тәулігіне 10 мың текше метр суды құрайтын болады.





Яндекс.Метрика