Мемлекет басшысының өкімімен Фәтима Надырқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сонымен қатар, Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.