Өңірлер

Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,3 пайызға көбейді

Ағымдағы жылдың алты айында 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысы бойынша өнеркәсіп өнімі нақты көлемінің индексі 90,8%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда21 Шілде , 15:53

Облыстық статистика департаментінен хабарлағандай, өндірістің кемуі облыстың Қызылорда қаласы және Қазалы, Шиелі аудандарында байқалды. Басқа аудандарда өндіріс көлемінің өсуі тіркелді.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 85,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 23,3%-ға өсті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика