Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жоспардан тыс тексеру аясында мемлекеттік қызмет органдарының күшімен 114 азаматтың құқығы қайтарылды

Жоспардан тыс тексеру аясында Мемлекеттік қызмет органдарының күшімен 114 азаматтың құқығы қайтарылды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Айгүл Шаимова министрліктің 2016 жылдың бірінші жарты жылдық қортындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы 21 Шілде, 15:38

«Біздің жұмыстың маңызды бөлігі бұл азаматтардың өтінішін дер кезінде және сапалы қарау. Біз қоғамның көңіл-күйі олардың мемлекеттік басқарма органдарына сенімділігіне байланысты екенін түсінеміз. Сондықтан, бақылау құзыреттерін жүзеге асырғанда мемлекеттік қызмет заңнамасын сақтай отырып, әрбір өтінішті қарағанда тиянақтылықпен зер саламыз. Өтініштер негізінде 351 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 345 заң бұзушылық анықталды»,-деп хабарлады А.Шаимова.

Олардың ішіндегі бесінші бөлік бұл Этика кодексін бұзған-62, 13% жағдай тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі сақталмаған және 5% мемлекеттік лауазымға орналастыру бойынша байқау шарттарын бұзған.

«Жоспардан тыс тексеру аясында мемлекеттік қызмет органдарының күшімен 114 азаматтың құқығы қайтарылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығын қорғау мен қайтару шаралары қабылданды. Жалпы, біз 55 мемлекеттік қызметшінің құқығын қайтардық және 149 кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарттық»,-деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика