Инновациялар

6 млн теңге жүлде қорымен Ұлттық инновациялық байқау тапсырыстар қабылдауды жалғастырады

6 млн теңге жүлде қорымен Ұлттық инновациялық байқау тапсырыстар қабылдауды жалғастырады, деді «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өміржан Тәшімов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы21 Шілде , 12:49

«Агенттік жұмысының жекелеген бағыты – Қазақстанда инновациялық идеяларды анықтау және инновациялық жобаларды дамыту. Бұл жөнінде жыл сайны өткізілетін Инновациялардық Ұлттық байқауы көмектеседі. 2015 жылы конкурсқа 796 адам қатысты. Оның 300-і белсенділік танытқан мектеп оқушылары болды»,-деді О.Тәшіміов.

Оның айтуынша, биыл Агенттік Инновациялардық Ұлттық байқауына қатысу өтініштерін 2016 жылдың тамыз айына дейін қабылдайды. Қатысу талаптарымен және онлайн-өтініш беру ережесімен www.natd.gov.kz.  Сайтында танысуға болады. Байқау қорытындысы 2016 жылдың қыркүйек айында XI Инновациялық конгресінде жарияланады.

«Байқау 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Осы жылдар ішінде оған еліміздің барлық аймағынан 5 000-нан астам инноваторлары қатысқан. Биылғы жылдың жүлде қоры 6 000 000 теңгені құрайды»,-деп атап өтті О.Тәшімов.

Байқауда бірнеше аталым белгіленген: «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба»; «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба»; «Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс».

Одан бөлек 2016 жылы инновацияның әр түрінде ең үздік жобалар анықталады: процессингтік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өнімдік және әлеуметтік инновация.

Сонымен қатар кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін Байқау комиссиясы  «Ең үздік бизнес-періштесі» мен «Ең үздік инновациялық белсенді аймақ» анықтайды.

Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба үшін British Council қолдауымен Ұлыбританияға оқу-танысу сапары ұйымдастырылады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика