Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Павлодар облысы Қашыр ауданы Береговой ауылында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тәулігіне 25 адамды қабылдайтын ересектер және балалардың дәрігерлік амбулаториясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар28 Қараша , 15:20

«Дәрігерлік амбулаторияда алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек, дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмектер көрсетіледі. Онда медициналық көмектердің қолжетімді кешені шоғырланған», - делінген хабарламада.

Амбулатория заманауи қондырғылармен жарақтандырылып, халыққа сапалы медициналық көмек ұсынады. Атап айтар болсақ олар дефибриллятор, электрокардиограф, қашықтықтан басқарылатын заманауи гинекологиялық қондырғылар, әмбебап стомотология қондырғысы, лаборотория және физиотерапевтика аппараты, қандағы глюкоза мен холестеринді анықтайтын биохимиялық жедел сараптамашысы.

Күндізгі стационардағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек аясында жүргізілетін болады.

Айта кету керек, енді Береговой, Жаңабет, Жасқайрат, Осьмерыж, Зеленая Роща, Луговой, Ынталы ауылдаының тұрғындары қолжетімді және өз уақытылы заманауи медицина қызметін пайдаланбақ. Бұл Мемлекет басшысының құзырлы органдарға қойған тапсырмаларының орындалуының бір көрінісі.




Яндекс.Метрика