Халықаралық интеграция

Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытайдың әскери қызметшілері «Аспан кілті» байқауында бақ сынасады (ФОТО)

Биылғы жылы Армия халықаралық ойындарын Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері ашады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 21 Шілде, 20:14

Олар Ресейдің Астрахан облысының «Ашулук» полигонында шілденің 30-ы мен тамыздың 7-і аралығында «АрМИ-2016» шеңберінде өтетін зениттік-зымыран әскерлерінің жауынгерлік есептоптары арасындағы «Аспан кілті» байқауына алғаш рет қатысады. Сайыс көзтартарлық, сонымен бірге, едәуір күрделі болмақ. 4 қатысушы ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь және 6 байқау кезеңі.

Онда әрбір есептоп өздерінің нормативтерін орындайды. Қатысушылар көп осьті шасси жүргізушілерінің сайысы, зениттік-басқарылатын зымырандарды іске қосу құрылғысын зарядтау, орынды қайта алмастыру кезінде әуе шабуылына қарсы ұрысты жүргізу мен іс-қимылдар секілді сындардан өтеді. 10216 әскери бөлімі командирінің орынбасары (бас инженер) подполковник Дмитрий Шевченконың айтуынша, нысаналар бойынша жауынгерлік түсірулер айқындаушы болады.

 «Барлығы ескеріледі, жүргізу, зымырандарды қайта жүктеу, есептоптың техниканы жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежелеріне келтіре алу шеберлігі, жорықтық, жауынгерлік. Бірақ, сайыс жауынгерлікке барынша жақындатылған, ол нысаналар бойынша жауынгерлік түсірулер», - деді ол. Қатысушылар ресей тарапымен ұсынылатын С-300ПС қондырғыларында сайысады. «Біз зымырандардың жауынгерлік түсірулерімен мерзімді түрде тактикалық оқу-жаттығулар өткізіп тұрамыз. Сондықтан, біздің есептоптар әзір. Бұл тұрғыда барлығы керемет. Біздің команда тиісті дайындықтан өтті, жоғары нәтижелер көрсетеміз деп үміттенеміз», - деп подполковник Дмитрий Шевченко атап өтті.

Қазақстанда халықаралық байқауда ұсынатын үздік команданы жинау үшін бірнеше кезеңдерден тұратын іріктеу ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің әртүрлі әскери бөлімдерінің 80 әскери қызметшісінің ішінен ең алдымен 30, ал содан кейін 18 анағұрлым дайындалған әскери қызметші іріктелді. Сайысқа алғаш рет қатысушы әскери қызметшілер мен командалардың жақсы дайындығы бағаланып, қызу бәсеке болады деп күтуде.


 





Яндекс.Метрика