Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР-да түрмеден шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту үшін екі бағыт дайындалды (ФОТО)

Қазақстанда түрмеден шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту үшін екі бағыт дайындалды, деп хабарлады «Қазақстандағы қылмыстық әділсотты жетілдіру» Еуропалық одақ жобасы басшысының орынбасары Бен Зенгеринг «Пробация туралы» және «Пробация туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне бірқатар толықтыру лар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобаларын талқылауға арналған халықаралық дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы 21 Шілде, 11:28

«Біздің жоба қылмыстық әділсотты жетілдіруге бағытталған. ҚР Президенті бізге жалпы қылмыстық әділсот жүйесіндегі заңнаманы жақсартып, түрмедегілердің санын қысқарту мақсатында жоспарлы қадамдармен өтініш жасаған болатын»,-деді Б.Зенгеринг.

Оның айтуынша, пробация аталмыш мәселені шешуде жақсы балама бола алады.

«Бірқатар елдерде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары түрмеге қамаудың баламасы болып табылатын тиімді әрі нәтижелі шаралар қолдану керектігін көрсетеді. Осыған байланысты  қылмыс жасаған тұлғалардың тәртібін өзгертуге, оларды әлеуметтік бағдарланған бағдарламаларға тартуда пробация көмектесе алады»,-деп түсіндірді ол.

Сарапшы сондай-ақ, мұның ғылыми дәлелденген екі бағыты дайындалғанын алға тартты. Біріншісі – тәуекелді бағалау жүргізу.

«Қылмыс жасаған тұлғамен жұмыс жүргізігенде біз алдымен оның өз тәртібін өзгертуге құлқы бар жоғын анықтап алуымыз керек. Әлде ның психологиялық проблемаларға байланысты өзін түзете алмай ма, деген мәселе анықталуы қажет»,-деп атап өтті ЕО жобасы жетекшісінің орынбасары.

Екіншісі – қылмыс жасаған адамның қатысуымен қоғамдық жұмыстар жүргізу.

«Қоғам үшін оларға қаржы шығындаудың еш керегі жоқ. Олар өздері қоғам үшін кіріс көзі бола алады. Яғни, қылмыскер қоғамдық жұмыс атқару арқылы қызмет көрсетеді»,-деп толықтырды сөзін Б.Зенгеринг

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика