Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Шаимова: Меморганның қызметкерлері мемлекеттік қызметке сенімін кетіруді тоқтатуда

Мемлекеттік қызметке зақым келтіретін теріс қылық жасау екі есеге қысқарды. Егер өткен жылы осындай қылықтарды жасағандары үшін 211 қызметкер жауапкершілікке тартылса, осы жылы олардың саны – 98-ді құрады, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова -ші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.
Астана қаласы 21 Шілде, 11:49

«Жылдың басынан бастап бұзушылықтың жаңа түрі енгізілді – ол мемлекеттік қызметке зақым келтірушілік. Бұрындары, осындай қылықтар сыбайлас жемқорлыққа жатты.

«Айта кететін жайт, Мемлекеттік қызметке зақым келтіретін теріс қылық жасау екі есеге қысқарды. Егер өткен жылы осындай қылықтарды жасағандары үшін 211 қызметкер жауапкершілікке тартылса, осы жылы олардың саны – 98-ді құрады»,-деді А.Шаимов.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде келесі бұзушылықтар жасалатындығын айтып өтті: дайындау және шешім қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету. Мысалы, мемлекеттік сатып алу кезінде, жер, тұрғын үй мәселесі, әкімшілік салықтар салу кезінде олардың үлесі жала құқық бұзушылықтардың жалпы санының 78% құрайды.

Вице-министрдің айтуы бойынша, осы жағдайлардың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі құқық қорғау қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бойынша Кеңес субъектілерінің санын алып тастау.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика