Инвестициялар

Белорустық техникалардың лизингісіне арналған мөлшерлеменің 3,6 % Беларусь Үкіметі субсидиялайтын болады

Ағымдағы жылдың мамыр айында «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында «Қазақстан Республикасында сатып алу үшін, лизинг алушыларға Беларусь Республикасында өндірілген тауарларды ұсыну шарттары туралы» шартқа қол қойылды.
Әлемде21 Шілде , 12:08

ҚазАгро  хабарлағандай, шартқа сәйкес, Беларусь Республикасы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 2016 жылдың соңына дейін 5 жылдан көп емес мерзімге  жасалған, мәні Беларусь Республикасында жасалған ауыл шаруашылығы техникасы болып табылатын қаржы лизингі шарттары бойынша лизингтік төлемдердің бір бөлігінің есесін қайырады. Сыйақы мен негізгі борыштың төленуі тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады. 

Лизингтік төлемдер өтемінің мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2-3 құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 5,5% құрайтынын ескере отырып, қазақстандық аграршылар үшін Беларус Республикасы Үкіметінің мөлшерлемені субсидиялау мөлшері 3,67% құрайды.

Еске салайық, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуды қолдау. 

 




Яндекс.Метрика