Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанның аудандары мен облыстарында 115 мемқызметкер жұмыста этиканы бұзғандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бірінші жартыжылдықта этикалық ережелерді бұзғандары үшін облыстық және аудандық 115 мемқызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова бірінші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.
Астана қаласы21 Шілде , 14:51

«Осы жылдың басы елімізде маңызды оқиғамен басталды – Мемлекет басшысымен жарияланған Ұлт жоспары «100 нақты қадамын» тәжірибе жүзінде іске асырылды. Ұлт жоспарының бірінші бағытына Президент кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру белгіледі. Осылайша, бірінші жартыжылдықта этикалық ережелерді бұзғандары үшін облыстық және аудандық 115 мемқызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал өткен жылы олардың саны 163 болды. Мысалы, Маңғыстау облысының этикасы бойынша Кеңестің ұсынысымен ішімдік үшкен күйінде автокөлікке отырған Маңғыстау облысының бұрыңғы әкімі Жонасов жұмыстан шығарылды»,-деді А. Шаимова.

Жауапкершілік түрлері келесідей анықталды: ескерту жасалғандар-33, сөгіс-38, қатаң сөгіс-29, толық ресми желінің болмауы туралы 10 қызметкерге ескерту, қызметін төмендету 1 және 4 мемқызметкерді жұмыстан шығару.

Вице-министрдің айтуы бойынша, көп жағдайда мемқызметкерлер арасында азаматтар және әріптестермен дөрекі сөйлесесу, автокөлікке мас күйінде отыру, қандайда бір себептерсіз жұмысқа келмеу, қызмет көлігін жеке басы бойынша пайдалану және БАҚ-та жалған ақпарат шыққан кездері тиісті шараларды қолданбау сынды оқиғалар болып келеді.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика