Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Шілде , 11:13

«Тараптар Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығының, сонымен қатар алдағы  Үкіметаралық комиссиясының 5-отырысын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, елдер арасында одан әрі жемісті ынтымақтасу мақсатында Қазақстан-венгр стратегиялық кеңесінің құрылтай отырысын және Үкіметаралық комиссия шеңберінде Қазақстан-венгр бизнес форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика