Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Алматыда I халықаралық инвестициялық форум өтеді

3-4 желтоқсанда Алматыда I халықаралық инвестиция форумы өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы28 Қараша , 15:13

«Форумға ҚР Үкіметі өкілдері, халықаралық қаржы институты жетекшілері, танымал қаржыгерлер мен ұйым мамандары қатысады», - делінген хабарламада.

Шара аясында Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері танытылып, жобаны қаржыландырудың жаңа механизмдері қарастырылады. Сонымен қатар, транспорттық-логистикалық инфрақұрылыс дамуы, ұлттық инновация жүйесі, туризм мен «жасыл» экономикаға өту негіздері талқыланады.

Хабарламада айтылғандай, форум барысында жаңа келісімдер түзу мен біріккен жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторлардың диалог алаңы құрылмақ.




Яндекс.Метрика