Инфрақұрылымның дамуы

Көкшетауда 400 млн теңгеге 11 аулалық аумақ жөнделуде (ФОТО)

Биыл Көкшетауда 11 аулалық аумақты жөндеуге 400 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола 21 Шілде, 10:37

Жөнделіп жатқан аулалық аумақтың біріне облыс әкімі Сергей Кулагин барды.

«Көкшетау автожол» ЖШС мердігер ұйымының директоры Виталий Люлевич аймақ басшысына жөндеу жқмыстарының барысын баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі күнге №1, 1а, 3 аулалық аумақтарында жұмыстар аяқталған. Мұнда балардың ойын алаңшалары, демалыс алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары жасалған. Енді жасылдандыру мен шағын архитектуралық пішіндер қойылмақ.

«Аулалық аумақтарды жөндегенде тұрғындардың кеңесіне құлақ асып, солардың пікірлерін ескеру керек. Тұрғындардың бұған құқықтары бар. Олардың аулаға шығып демалулары үшін жасылдандыру мен талды мол егу қажет»,-деп тапсырма берді әкім.

Сондай-ақ осы күні аймақ басшысы жалпы сомасы 805,9 млн теңге жөнделіп жатқан Капцевич көшесіндегі жұмыстың барысымен танысты.

Сонымен қатар, Сергеу Кулагин жаңа нысанға ат басын тіреді. Көкшетауда жақында ғана құрылысы аяқталған жалпы ауданы 24,4 мың шаршы метр болатын 179 пәтері бар «Капитал» көппәтерлі тұрғын үй кешені бар.

«Капитал» Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қосымша нысаны мен паркингі бар. Жаңа нысанда 40 бір бөлмелі, 39 екі бөлмелі, 82 үш бөлмелі, 15 төрт бөлмелі және 3 бес бөлмелі пәтер бар. Құрылысы 2014 жылы басталып, 2016 жылдың жазында аяқталып отыр. 





Яндекс.Метрика