Өңірлер

Қазақстанда мемлекеттік кірістер органымен 1 121,2 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 2 143,4 млрд млрд. тенге сомасында 97 930 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 1 862,0 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан21 Шілде , 09:56

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  976,0 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 95 679 өтініш (декларациялар) түсті.

- сомасы 729,5 млрд. теңгеге 79 490 тұрғын үй объекті;

- сомасы 233,7 млрд. теңгеге 42 081 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 9 648 млрд.теңгеге 157,4 коммерциялық объект;

- сомасы 7,1 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 57 қатысу үлесі;

- сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

91 379 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 735,9 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 4,9 млрд. теңге құрайтын 96 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

19.07.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд.теңге түсті, оның 2,9 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша  (3,1 млрд.теңге – қайтарымға жатады).




Яндекс.Метрика