Өңірлер

Қызылорда облысында депутаттар ауылдық жұртшылыққа жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар туралы түсіндірді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев пен Г.Шиповскихтер Сырдария ауданының Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарының тыныс тіршілігімен танысты, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Қызылорда21 Шілде , 09:34

Ауданға қарасты елді мекендердің ішінде Қоғалыкөл ауылының орны ерекше. Тарихы тереңде жатқан ауыл соңғы жылдары дамуға кең құлаш сермеп, күн санап гүлденіп келеді.

Оған дәлел ретінде, өткен жылы Қоғалыкөл ауылындағы «Шаттық» балабақшасының қайта жаңғыртудан өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашқанын, биыл орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтсақ болады. Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты С.Қаюпов кеңінен мағлұмат берді. Іс сапар аясында халық қалаулырары мекендегі әлеуметтік нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына жоғары баға берді. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика