Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері контрафактілік өндіріс пен тауарлардың таралуына жол бермеу үшін күресетін болады

2016 жылдың 19 шілдесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері зияткерлік меншік нысандары құқықтарын қорғау бойынша үйлестіру туралы Келісім күшіне енді.
Әлемде21 Шілде , 09:17

Келісім ЕАЭО мемлекеттірінің құзыретті органдарымен ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Зияткерлік меншік нысандары құқығын қорғау саласындағы үйлестірілген саясатты қалыптастырады, деп хабарлады ЕЭК.

«Құжат ақпараттық өзара іс-қимыл мен Одақта зияткерлік меншік құқығының бұзылуларының жолын кесу тұрғысында құқықтық негіз бола алады. Сондай-ақ, еуразиялық бестіктің мемлекеттік органдарымен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара ақпараттық іс-қимылдарын да қамтамасыз етеді»,-делінген хабарламада.

Зияткерлік меншік саласында құзіреттілер мен Одақ елдері органдары арасындағы ынтымақтастық Келісімі зияткерлік меншік нысандарына қатысты құқық бұзушылыққа қарсы тұру тиімділігін арттырады. Соның ішінде өндіріс пен тауарларының таралуына жол бермеу үшін күресетін болады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика