Халықаралық интеграция

Қазақстандық командалар АрМИ-2016-ға қатысу үшін Ресейге аттанды

01731 әскери бөлімінің 50-ден аса әскери қызметшісі Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін Ресейге аттанды. Олар еліміздің намысын алдағы ойындардың «Рембат», «Қару шебері», «Автоброньды танкті техника шеберлері» атты үш байқауда қорғайтын болады, деп хабарлады ведомстводан.
Әлемде20 Шілде , 19:37

Аталған байқауларда ұсынылған біздің командаларға бірқатар сыннан өтуге тура келеді. «Рембат» – бұл техника мен қару-жараққа қызмет көрсету және жөндеу бойынша шеберханалардың сайысы. Мұнда бірінші орынға күш сынасуда қатысушыларға жеке жарыста, атыс даярлығында, әскери-спорттық кезең мен аралас эстафетада өздерінің барлық шеберліктерін паш ету қажет. «Қару шебері» - қару-жарақ жөндеу взводтарының сайысы. Командаларды үш кезең күтіп тұр. Атап айтқанда, 122-мм Д-30А тартылатын гаубицаны жөндеу, 23-мм ЗУ-23 зениттік құрылғысын жөндеу, қару биатлоны және шешуші эстафета. «Автоброньды танкті техника шеберлері» – автомобиль жүргізушілерінің сайысы. Әскери жүргізушілер шектеулі өтулер бойынша жүргізуде, кедергілерді, қоршаулар мен су бөгеттерін еңсеруде, шектеулі өтулер бойынша жартылай тіркемелерді тартуда, сондай-ақ, соңғы командалық эстафетада сыналады. Аталған байқауларға қатысу үшін белгіленген командалар әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар мен Құрлық әскерлері деңгейінде іріктеуден өткендерін айта кеткен жөн. Олардың құрамында үздік жүргізушілер, техниктер мен шеберлер. Жалпы алғанда, осы жылы Қазақстанның Қарулы Күштері Армия халықаралық ойындарының 23 байқауының 21-іне қатысады. Осылайша, командалар барлық ойын түрлерінде ұсынылады. Алғашқы рет өнер көрсетейін деп отырған әскери қызметшілерге үлкен үміт артылып отыр. Танкішілердің, әскери ұшқыштар мен теңізшілердің аталмыш сайыстарға қатысудағы мол тәжірибелері «Танк биатлоны», «Авиадартс», «Теңіз кубогы» байқауларында жүлделі орындарға үміттенуге мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика