Қазақстан және БҰҮ

Болашақта судың жетіспеуі, жердің тозуы мен энергияның тұтынылуы адамзаттың негізгі мәселесіне айналады – БҰҰДБ

БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, XXI және XXII ғасырда судың жетіспеуі, жердің тозуы мен энергияның тұтынылуы адамзаттың негізгі мәселесіне айналады, деп Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы20 Шілде , 18:21

«Қазақстанда әлемнің 30 дамыған елдінің қатарына кіру мүмкіндігі бар, ол үшін «жасыл» экономикаға кірудің тиімді моделі қосылу керек»,-деді М.Алтангерел.

Сарапшы Қазақстан 1990 жылдың деңгейінен парниктік газдар шығарындыларын 15-25%-ға төмендетуді міндетке алғанедығын айтты. Оның мақсаты - қоршаған ортаның тозуын болдырмау.

«Париж келісімін жаһандық деңгейде қол қою және ратификациялауда әлемдік экономикада неқұрлым орнықты модельге көшу қадамы маңызды болып табылады. Бұл келісім әлемдік қоғамның өзгеріс тапқан ахуалдармен күресін білдіреді»,-деді М.Алтангерел.

Сонымен қатар, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары сөз барысында БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, XXI  және XXII ғасырда судың жетіспеуі, жердің тозуы мен энергияны тұтыну адамзаттың негізгі мәселесіне айналатындығын атап өтті.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика