Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Ақмола облысында жыл соңына дейін 75,1 млрд. теңгенің 18 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Ақмола облысында жыл басынан бері ИИДМБ 65 жаңа жұмыс орынын құрған құны 2,0 млрд. теңге болатынм 2 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан Малғаждаров аймақтың бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қортынды жиында.
Ақмола 20 Шілде, 19:54

Оның айтуынша, жыл соңына дейін құны 75,1 млрд. теңге болатын 18 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. «Өндірістің физикалық индекс мөлшері 106,5% деңгейіне тұрақтады. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдері ӨФИ 103,1 пайызға жетті. Инвестицияның ӨФИ 106,8%. 230,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге өсті», деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, Б.Малғаждаровың айтуынша  ауыл шаруашылық саласында жалпы өнім 51,9 млрд. теңге, ӨФИ 103,1%. Қазіргі уақытта бірінші санаттағы міндет егісті арам шөп өсімдіктерінен, зиянды және ауыл шаруашылық дақылдарының ауруынан қорғау болып табылады. Сол үшін мал азығын дайындап, егістіктерді өңдеу жұмыстарымен айналысу қажет.

«4,4 млн. гектар алқапта арам шөптерді химиялық отау жұмыстары жүргізілді. 15 шілдедегі жағдай бойынша 653,3 мың тонна шөп дайындалды. Машинатрактор парктері астық жинау науқанына дайындықты бастап кетті. Қазіргі уақытта олар 84 - 85% дайын»,-деді ол. 





Яндекс.Метрика