Халықаралық интеграция

Польша депутаттары Қазақстанды Орталық Азиядағы ең маңызды әріптесі ретінде санайды

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Алтай Әбибуллаев құрамына Польша Сеймі мен Сенатының 56 депутаты кіретін, әрі поляк Парламентіндегі ең ірі бірлестік болып саналатын Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік тобы мүшелерімен кездесу мақсатында Польша Сеймінде болды. Поляк парламентшілері бұл поляк халық таңдаулыларының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастыққа деген орасан зор қызығушылығының дәлелі екенін баса атап өтті.
Әлемде21 Шілде , 08:51

Польша парламенттік-президенттік республика болып табылады, Сейм мен Сенат әртүрлі мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен ықпалдастықты ұйымдастыруға белсенді қатысады.

А. Әбибуллаев поляк парламентшілерімен сұхбатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатын, ҚР Үкіметінің терроризммен қазіргі заманның өзекті тәуекелдерімен күрес шараларын түсіндіріп, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық, саяси, экономикалық, ғылыми, білім мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі туралы баяндап берді.

Парламенттік топтың төрайымы Барбара Бартущ Қазақстан Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктегі Польшаның ең маңызды саяси әріптесіретіндегі маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, елдеріміз арасындағы белсенді ынтымақтастықтың басқа баламасы болуы мүмкін емес, өйткені ол қазақтар мен поляктардың шынайы әрі тарихи достығына негізделген. Сұхбат қорытындылары бойынша ұлттық жетістіктер мен идеяларды өзара насихаттау мақсатында бірлескен мәдени-тәлімгерлік, қоғамдық шараларды өткізу туралы келісімге қол жетті. 




Яндекс.Метрика