Қалаларға шоғырлану

Астана аулаларында пластик жинауға арналған 700-ге жуық контейнер орнатылады

Астанада пластик жинауға арналған контейнерлер пайда болады. Алдымен 588 аулаға 686 контейнер қойылады. Тиісті жұмыстар басталып кетті, жоспар бойынша аптасына 50 бак орнатылмақ, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы20 Шілде , 19:16

«Өткен жылы пилоттық режимде осы сияқты жоба іске қосылған болатын. Оның қалай жұмыс істейтінін көргіміз келді. Ол жолы пластик, қағаз және шыны жинауға арналған үш контейнерден қойылды. Сонда пәтерде қоқысты төрт бөліп жинау керек болды. Бұл ыңғайсыз әрі дұрыс емес. Сондықтан, жүйені біртіндеп енгіземіз деп шештік», - дейді «Астана-Тазарту» ЖШС бас директоры Иван Лавриненко.

Оның айтуынша, пластик жинауға арналған контейнерлерді орнату жұмыстары 3-4 айдың ішінде бітеді, содан соң макулатураға, кейіннен шыны жинауға арналған жәшіктер қойылады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика