Экология

БҰҰДБ: Қазақстан жылына 22 миллион тоннаға дейін бидай өсіре алады

Қазақстан жылына 22 миллион тоннаға дейін бидай өсіре алады, деді ОКҚ брифингінде БҰҰДБ бағдарламалық маманы Виктория Байғазина.
Астана қаласы20 Шілде , 17:16

«Егер ылғал үнемдейтін технологияларды уақытылы енгізіп, игермесе және фермерлердің Қазақстанның айрықша климаттық жағдайларына бейімделуіне уақытылы көмектеспесе, онда тең Қазақстан үшін, стратегиялық маңызы бар   бидай секілді маңызды өнімді өсірудегі қиындық тек Қазақстанға ғана емес, Қазақстаннан бидай алатын бүкіл өңірге де қауіп төндіреді», - деді ол.

Қазақстан 2015 жылы  14.6 миллион тонна бидай өндірді. Алайда, неғұрлым заманауи жасыл технологияларды ендірген кезде Қазақстан жылына 22 миллион тоннаға дейін бидай өсіре алады.

Жасыл тәжірибелер мен технологияларды ендірудің осы басқа да әдістері баспасөз конференциясында талқыланды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика