Өңірлер

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,9 %-ға артты

2016 жылғы қаңтар-маусымда Қызылорда облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 58 751 млн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 29,4%-ға аз, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда20 Шілде , 17:38

Бөлшек сауда көлемі 102 640,7 млн. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100% құрады (салыстырмалы бағада). Өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 288 456,7 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2015 жылғы деңгейден 9,2% кеміді. 

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 14,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда – 9,2%  кемісе, өңдеу  өнеркәсібіндегі өсім 23,0%  құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 14 214,4 млн. теңгені құрап, өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 3,9 %-ға артты.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика