Ұлттың денсаулығы

Универсиада-2017 арналған Мұз аренасының құрылысы 80%-ға аяқталды (ФОТО)

Универсиада-2017 арналған мұз аренасының құрылысы 80%-ға дайын, деп «Алматы халықаралық спорт жобалары дирекциясы» МҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы қаласы 20 Шілде, 17:59

Нысан 3000 орынға арналған көп функциялы, әмбебап мұз айдынынан тұрады және трибунасы бар 300 көрерменге арналған шағын аренадан тұрады. Нысан волейбол, баскетбол, шағын-футбол және т.б алаңдарында мұз қаптаманы айналдыру мүмкіндігімен жасалған.

«3 000  орынға арналған Мұз аренасының құрылысы 70-80%-ға аяқталды. Нысанды толығымен пайдалануға 2016 жылдың тамыз айында беру жоспарланған. Бүгінгі күні 3000 орынды Мұз аренасында ішкі бөлімдері бойынша жұмыс атқарылуда, сонымен қатар, спор нысандарының аумағында көріктендіру бойынша жұмыстар жасалуда: ағаштар отырғызылды, жұмыскерлер гүлдер мен гулзарларды отырғызу жұмысына кірісті»,- деп ведомствода хабарлайды.

Айта кететін жайт, Универсиада -2017 кезінде арена ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты өткізеді.

Анар Тәңірқұлова

Фото almaty2017.com сайтынан алынды





Яндекс.Метрика