Қазақстан және БҰҮ

БҰҰДБ Қазақстанның жаһандық бастамаларына негізделген халықаралық жобаларды нығайтуды жоспарлауда (ФОТО)

БҰҰДБ Қазақстанның жаһандық бастамаларына негізделген халықаралық жобаларды нығайтуды жоспарлауда, деді ОКҚ брифингінде БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.
Астана қаласы 20 Шілде, 16:32

«Қазақстан үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атану өте үлкен мәртебе және жауапкершілік. БҰҰ ҚК  қарастыратын мәселе адамзаттың қауіпсіздігімен байланысты.  Бұл бейбітшілік пен соғыс мәселесі. Қазақстан дипломатия, өзекті сұрақтардың шешуіне қатысады. Мәселен, адамзат әр түрле елде лаңкестік шабуылына  душар болып жатыр.  Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарастыратын мәселе», - деді М.Алтангерел.

Ол  атап өткендей, бұл орайда БҰҰ ДБ Қазақстанның жаһандық бастамаларына негізделген халықаралық жобаларды нығайтуды жоспарлауда.

«БҰҰДБ елдік құжаты Қазақстанның ұстанымын БҰҰ мен ЭЫДҰ арқылы дамытуды көздеп отыр. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді ол.

Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасарыц даму көмегінің ресми дамуы туралы айтып өтті. Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама Қазақстанның үздік бастамаларын халықаралық аренада дамытатын болады.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Шыңғыс Қаппаров 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика