Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ресейдің Мемлекеттік Дума төрағасымен кездесу өткізді

Санкт-Петерборда осы күндері өтетін парламентаралық шаралардың аясында ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті, деп ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде28 Қараша , 14:52

«Нұрлан Нығматулин ресейлік әріптесін Ресей Конституциясы мен РФ Федералды жиынына 20 жыл толуымен құттықтады. Мәжіліс төрағасы Ресей тарихындағы бұл датаның маңыздылығын атап өтті, себебі осы күн парламентаризм мен тәуелсіздіктің нығайған күні. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тиімді дами түсетіндігіне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Қатысушылардың пікірі бір жерде түйісті, олар Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық дамуына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің салиқалы саясаты әсері еткендігін атап өтті. Оның көрсеткіші жақында Ресей мен Қазақстанның 21 ғасырдағы  ынтымақтастық туралы келісім шарты.

Нұрлан Нығматулин мен Сергей Нарышкин Ресей мен Қазақстан арасындағы  парламентаралық ынтымақтастық рөлін де атап өтті. 

ҚР Парламент Мәжілісі мен РФ Федералды жиыны арасындағы қарым-қатынастың кезекті отырысы келер жылдың қаңтар айында Мәскеуде өтеді деп жоспарлануда.

«Біздің елдердің парламентарилері шара барысында екіжақты қарым-қатынастың заңнамалық қамтамасыз етілу сұрақтарын талқылай алады», - деді Мәжіліс төрағасы. 




Яндекс.Метрика