Білім беру

ШҚО-да 2 жылда орта білім аттестаты мен мамандық бойынша диплом алып шығуға болады

ШҚО-ң білім саласында Қазақстанда баламасы жоқ жаңадан «Мектеп-Интернат-Колледж» бірегей жобасы қолға алынды.
Шығыс Қазақстан20 Шілде , 16:53

ШҚО ақпарат орталығы хабарлағандай, оқушының екі жылда орта білім аттестатын ғана емес, сонымен бірге таңдауы бойынша оқыған орта кәсіби жұмыс мамандығының дипломын да алып шыға алады.

«Аталмыш жобаның жүзеге асуы – бұл тегін жұмыс мамандығын оқу проблемасын шешуді қамтамасыз етеді. Оның мақсаты бағдарлама есебінен үздіксіз кәсіби білім беру арқылы жұмысшы мамандарды дайындау»,-делінген хабарламада.

«Мектеп-Интернат-Колледж» жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдады. ШҚО-да эксперимент алаңы мәртебесін де алған.

Аталмыш жоба бойынша Өскемен, Күршім және Шемонайха аудандарында оқу орындары ашылады. Гуманитарлық-техникалық колледжде «Іс жүргізу мен мұрағаттану», «Техникалық қызмет», «Жөндеу және автомобиль көліктерін пайдалануға беру» мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі. Өскемен политехникалық колледжде «Өндірістік электромеханика қондырғылары» және «Икемді автоматтық желі» мамандықтары бойынша дайындалады.

Аталмыш оқу орындарына жергілікті бюджеттен 150 грант бөлінгені айтылды. Бүгінгі күні аталмыш жоба бойынша оқығысы келетіндерден 136 өтініш түскен. Оқуға қабылдау конкурстық негізде жүреді. 




Яндекс.Метрика