Экология

М.Алтангерел: «Жасыл экономика» - бұл бәсекеге қабілеттілікті сақтауға ниетті елдің бірден-бір даму моделі

«Жасыл экономика» - бұл елдің бірден-бір даму моделі және ол бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалуға ниетті, сонымен қатар жаңа ғасырда көшбасшы болуға талпынады, деп Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы20 Шілде , 15:57

«Жасыл экономика» - бұл елдің бірден-бір даму моделі және ол бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалуға ниетті, сонымен қатар жаңа ғасырда көшбасшы болуға талпынады. Жақында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен «жасыл экономикаға» көшу бойынша Кеңестің отырысы болып өтті. Премьер-Министр сөз барысында «жасыл емес» жобаларды қаржыландыру қиынға түсетіндігін айтты, яғни елдерде ең маңызды жаһандық экономикалық үдерістерден шығады. Сонымен қатар, сөз барысында «жасыл экономика» - экономикалық өсім мен экономикалық базаны диверсификациялаудағы бизнес-үлгіні құруда жаңа модель екендігін айтып өтті»,- деді М. Алтангерел.

Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу үшін барлық жағдайлар жасалған.

«Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу үшін ұлттық тұжырымдаманы қабылдады – бұл өте батыл және болашағы бар шешім. Табиғи ресурстарды тиімдірек пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту және жалпы инфрақұрылымдық базалар, қоршаған ортаға қысымды жеңілдету арқылы мемлекеттік әл-ауқатты арттыру , ұлттық қауіпсіздікті жоғарылату, оның ішінде су қауіпсіздігі бойынша  тұжырымдама басты бағыт болып табылады»,-деді М. Алтангерел.

Оның ойынша,  саяси еріктен басқа, Қазақстан «жасыл экономиканы» дамыту үшін басқа да жағдайларға ие: ол кең аумақ және бай биологиялық түрлілік, оңтайлы географиялық орын, сонымен қатар нарық өсімі мен әлем нарығында ықпалды жағдай.

«Көптеген елдер осындай басымдылықтар мен байлыққа ие, алайда олардың барлығында керекті адами ресурстар мен әлеует жоқ. Ал, Қазақстанда оның барлығы бар» , деді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары. Ол, «жасыл экономика» - экономиканың көптеген секторларын қамтитын кешенді түсінік болып табылатындығын айтып өтті.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика