Білім беру

ШҚО-да тегін кәсіби-техникалық білім беру бойынша 4,6 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді

«Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ШҚО Білім басқармасы 2016-2017 оқу жылдарына 4666 грант бөлді. Оның басым көпшілігі техникалық мамандыққа жатады.
Шығыс Қазақстан20 Шілде , 15:28

2017 жылдан бастап Қазақстанда «Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы іске қосылды. Енті мемлекет әр адамға алғашқы мамандықты алуға міндеттейді.

Жаңа жұмыс мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлген Шығыс Қазақстанда 2016-2017 оқу жылдарына 4666 грант бөлінді. Ол жергілікті бюджеттен қаржыландырылды. Олардың ішіндегі 3306 орын жұмыс мамандығы бойынша. 1195 ауылдық колледждерге, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледжге 200 бюджеттік орын бөлінді. Мұнда мемлекеттік және орыс тілінде жас мамандарды экономиканың 4 саласына 11 мамандық бойынша дайындайды. Яғни, энергетика, құрылыс, металлөңдеу және қызмет көрсету салалары. Сондай-ақ, Риддердегі көпсалалы колледжге 125 грант, Зыряндағы технолгиялық колледжге 105, Глубокоедағы аграрлық колледжге 120 гарн бөлінді. 




Яндекс.Метрика