Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Т.Донақов: Сыбайлас жеморлыққа қарсы тұру – Қазақстанның барлық мемлекеттік аппараттарының тапсырмасы (БЕЙНЕ)

Сыбайлас жеморлыққа қарсы тұру – бұл жауапкершілік саласы және Қазақстанның барлық мемлекеттік аппараттарының тапсырмасы, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов 2016 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы 20 Шілде, 13:42

«Ең бастысы, мемлекеттік қызмет істері министрлігінің алқасында бірінші бағытты іске асыру бойынша министрліктің жұмысына қорытынды жасалды. Ұлт жоспары – мемлекеттік кәсіби аппараттың реформасы. Талқылаудың нәтижесі қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды іске асыру бойынша министрлікте көптеген жұмыстар атқарылғандығын көрсетті»,-деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша Ұлттық бюро жұмысы және министрліктің тиісті департаменттері мемлекеттік аппараттың жемқорлық тәуекелін төмендетуге бағытталған.

«Сыбайлас жеморлыққа қарсы тұру – бұл жауапкершілік саласы және Қазақстанның барлық мемлекеттік аппараттарының тапсырмасы.  Біздің тапсырмамыз мемлекеттік аппараттың жұмысында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету»,-деді Т.Донақов.

Оның айтуы бойынша, аталмыш жұмыс  2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы жаңа заңын қабылдағаннан кейін басталды.

«Бұл жерде идеология мен философия нәтижесімен күресуден құралған жоқ, керісінше сыбайлас жемқорлықты алдын алуға және жүзеге асыруға бағытталған»,-деді министр.

Оның айтуы бойынша, бұл тапсырманы бір күн ішінде шешу мүмкін емес, ол үлкен еңбекті қажет етеді.

Ботагөз Айтжанова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика