Адами капитал

Құрлық әскерлерінде 2016 жылдың жарты жылдығы бойынша жауынгерлік сайыстың қорытындысы шығарылды (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде 2016 жылдың жарты жылдығына арналған жауынгерлік сайыстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 20 Шілде, 15:06

61993 әскери бөлімінің базасында Құрлық әскерлері басқарушы құрамымен жедел-әдістемелік жиынның аяқталуы шеңберінде ең үздік өңірлік қолбасшылығы мен әскер тектері, әскери бөлімдер мен оның командирлері анықталып марапатталды.

Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы көшбасшы атанса, одан кейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, үшінші орынға – Аэроұтқыр әскерлері ие болды. Механикаландырылған, танктік және десанттық-шабуылдаушы бөлімдердің арасында 61993 әскери бөлімі үздік деп танылса, артиллериялықтардың ішінде – 82796 әскери бөлімі, сондай-ақ инженерлік-саперлік құрамалардың арасында 58012 ә/б, байланыс бөлімшелерінің арасында – 54380 ә/б, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің ішінде – 75488 әскери бөлімі дара шықты.

Сонымен қатар, Құрлық әскерлерінің басқаруымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының – 28349, 03811, 22326, 22534 әскери бөлімдері мен «Шығыс» ӨңҚ-ның 30217 әскери бөлімдері де ерекшеленді. Белгілі болғандай, өткен жартыжылдықта аталған бөлімшелердің жеке құрамы өздеріне міндеттелген жауынгерлік және кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай қорытынды шығару арқылы әскери қызметшілер қандай жетістіктерге қол жеткізді, әскер түрлерінің даму беталысы қалай, алға қойған қандай міндеттер орындалды және болашақта шешімін табуы керек деген сұрақтарға толық жауап берілді.

Тағы бір жәйт, бұл жеке құрамның одан сайын жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылуын, өзінің кәсіби деңгейін, жауынгерлік және дене даярлығын үздіксіз жетілдіруге, шындай түсуге итермелейтін тамаша ынталандыру екенін де айта кеткен жөн.

 





Яндекс.Метрика