Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жарты жылда ҚР жемқорлықпен күрес қызметі мемқызметте 1500 қылмысты әшкереледі (БЕЙНЕ)

Жарты жылда ҚР жемқорлықпен күрес қызметі мемқызметте 1500 қылмысты әшкереледі, деді Жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросының төрағасы Талғат Татубаев ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі министрліктің бірінші жарты жылдағы қорытындысына арналған отырыста.
Астана қаласы 20 Шілде, 12:14

«Жарты жылда ҚР жемқорлықпен күрес қызметі мемқызметте 1500 қылмысты әшкереледі. Республика бойынша 588  қызметтік тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 11 – республикалы, 39-облыстық, 79 – қалалық және аудандық орган жетекшілері. 16 әкімнің орынбасарлары болып табылады», - деді Т.Татубаев.

Оның айтуынша, жемқорлыққа жақын әкімдіктер, ішкі істер органдары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

Бейне:Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика