Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Маңғыстау облысының 40 пайыздан астам тұрғыны Денсаулық сақтау министрлігінің скринингтік бағдарламасына қатысты

Ұлттық скринингтік бағдарламаға Маңғыстау халқының 42 пайызы тартылды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау28 Қараша , 15:00

«Облыста алғашқы уақыттардағы сырқаттарды анықтау және сырқаттың асқынып кету қаупінің алдын алуға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарламасы енгізілді. Аталмыш бағдарламаға халықтың 42 пайызы тартылды», - делінген хабарламада.

2013 жылдың 9 айында скринингтік анықтау өткізу барысында 35 науқас қатері анықталған. Соның ішінде 91 пайызы енді ғана бас көтеріп келе жатқан сырқат болып табылады. Сонымен қатар, 2197 науқас қатерлі ісік  қаупінде екені байқалды.

Хабарламада айтылғандай, алғашқы көмек көрсету қызметі алдын алу жұмыстары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Облыс көлемінде 203 денсаулық сақтау мектебі, 70 денсаулықты нығайту орталығы, 8 антитемекі орталығы мен 7 жастар денсаулық сақтау орталығы ашылды.

Сонымен қатар, өңірде ана мен бала денсаулығын, отбасы саулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Әр емханада, дәрігерлік амбулаторияда отбасын жоспарлау кабинеттері мен бала сырқатын анықтау кабинеттері жұмыс істейді.




Яндекс.Метрика