Білім беру

С.Ирсалиев: Бастауыш біліммен қамтылуды 1%-ға арттыру еліміздің ЖІӨ-ін 0,35%-ға жоғарылатады (ФОТО)

Бастауыш біліммен қамтылуды тек 1%-ға арттырсақ еліміздің ЖІӨ-і 0,35%-ға жоғарылайды, деп ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Серік Ирсалиев мәлім етті.
Астана қаласы 20 Шілде, 11:48

«Егер балаларға ертерек көңіл бөлетін болсақ, онда ол мемлекеттің экономикалық нәтижесін одан әрі жоғарылата түседі. Мысалы, мектепке дейінгі балалық шаққа салынған 1 доллар, мемлекетке жанама ретінде 8 доллар пайда береді. Ол қалай болғаны? Бала 3 жасқа дейін, егер ұйымдастырушылық бағдарлама алуды бастаса және 6 жасқа дейін ол ерте әлеуметтендіру дағдыларын алады, қарым-қатынас бастамасын алады, танымдық дағдыларға ие болады. Кейбір елдерде 90 пайыз түрмеде отырғандар балабақшаға бармаған, оған себеп, олардың бойында жоғары аталған дағдылар болмаған, бұл өмірде олардың жолдары болмағаны салдарынан»,-деді С.Ирсалиев.

Оның айтуы бойынша, сондай-ақ баланың мектептегі дамуына салынған1 доллар мемлекетке 3 доллар пайда береді және кәсіби білімге дайындауға салынған 1 доллар мемлекет үшін жанама түрде 2 доллар пайда түсіреді.

«Жанама пайда нені көрсетеді? Бұл, егер адам бала кезінен бастап білім алатын болса, өсе келе жақсы жұмыс жасайтын болады, 7 пайызға артық салық төлейді. Оған мемлекет шығынданбайтын болады. Әлеуметтік қаматамасыз етуге 5 пайыздық үнемділік береді және болашақта мемлекет одан ешбір күдіктенбей, оны аңдыдмайтын болады және осыған 88 пайыз үнемділік береді»,-деді ол.

Сонымен қатар, Ақпараттық-талдау орталығының президенті сөз барысында бастауыш біліммен қамтылуды тек 1%-ға арттырсақ еліміздің ЖІӨ-і 0,35%-ға жоғарылайтындығын атап өтті. 1 жылға жоғары сыныпты ұлғайту еліміздің ЖІӨ-ін 0,44 %-ға жоғарылатады.  

«Егер білімге ертерек инвестиция салатын болса, оның қоғамға әсері үлкен. Сөз барысында айтатын болсақ, біздің 11 жылдық осы жылдан бастап 0+11 үлгісіне көшеді, яғни 12 жылдық болады. Көптеген елдер бұрыннан бастап 12 жылдыққа енген, 10-20 жыл бұрын. Кейбір елдерде 13 жылдыққа дейін бар, ал екі елде тіпті 14 жылдық»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика