Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖҚЖК: 2016 жылдың басынан бері Ақтөбеде 8 мың жұмыс орны ашылды

Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиналыс барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы 1 жартыжылдық қортындысы айтылды.
Ақтөбе20 Шілде , 12:38

Жиында Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, департамент басшылары және бизнес өкілдері қатысты.

“Ең бастысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің төмендеуіне жол берілмеуі керек. Бізде бұл үшін барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар. Үшінші тоқсанды жоғары көрсеткіштермен қортындылау үшін барлық шараларды қолдану керек, - деп баса айтты жиында Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметовтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта өндіріліген өндіріс өнімінің көлемі 528, 6 млрд. Теңге болса, ауылшаруашылығы 56,9 млрд. Теңге құрады. Мал шаруашылығының өсімі 102,5%, өсімдік шаруашылығы  – 100% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 50,9 млрд теңгені құрап, 118 млрд теңге инвестицияланды.  Автомобиль жолдарына күрделі жөндеуді 1,9 есеге арттыру арқылы өсімге қол жеткізіліп отыр. 2014,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2015 жылғы көрсеткіштен асып отыр. Бөлшек сауда айналымының көлемі 215,7 млрд. Теңге құрап, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 59,8 мыңға дейін өсті, деп хабарлады  «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Кәсіпкерлер 118.2 млн теңге өнімдерін өндірді,  көрсеткіштің өсу қарқынына «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді. Салық базасы мен қосымша резервтерді анықтап, 1,5 млрд теңге көлемінде кеңейту үшін бірқатар іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды. Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін ең тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік туды. Атап айтқанда, 7,9 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 6,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 34,4% жоғары.Осындай жоғары көрсеткіштер «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында нәтиже беріп отыр. Инвестиция тарту бойынша облыс басшылығымен тиімді іс-шаралар жүргізілуде. 2016 жылдың 5 айында 80,7 млрд. Теңге инвестиция тартылса, маусым айында бұл сома 37 млрдқа артты.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану өнімділігінің төмендігі облыс әкімінің тарапынан сынға ұшырады.

Осыған байланысты аудан әкімдері мен кәсіпкерлік басқармасына шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары мен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды нығайту және ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің ұлғаюын  арттыру,  мал санын, сүт өндірісін, жаңа шағын фермаларды құру үшін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс», «БЖК-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыруды айрықша назарға алу жүктелді.

“Біз Президент тапсырмасын орындау үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Бұл міндеттерді орындау үшін бізде барлық алғышаррттар бар”, - деп түіндеді облыс әкімі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика