Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Ыбырайым: мемлекеттік қызметшілер арасында байқаудан тыс ауысу мөлшері 97%-ға дейін қысқартылды

Байқаудан тыс лауазымды иелену мүмкіндігінің мөлшері айтарлықтай қысқарды. Мемлекеттік қызмет туралы заң енгізілгеннен кейін ауысу мүмкіндігі 97%-ға дейін қысқартылды, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Нұрлан Ыбырайым ведомствоның биылғы бірінші жарты жылдықтағы жұмысының қортындысы бойынша өткен кеңейтілге алқа отырысында.
Астана қаласы20 Шілде , 11:14

«Байқаудан тыс лауазымды иелену мүмкіндігінің мөлшері айтарлықтай қысқарды. Мемлекеттік қызмет туралы заң енгізілгеннен кейін ауысу мүмкіндігі мемлекеттік қызметшілер арасында 97%-ға дейін қысқартылды. Билғы бірінші жарты жылдықтың нәтижемінде еліміде 2018 ауысу жүргізіліпті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 есе аз»,-деп хабарлады Н.Ыбырайым.

Оның айтуынша, биыл бірінші жарты жылдықта өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тағайындау мөлшері кадр резервінен 2,5 есеге қысқарған.

«Осыған орай, кадр резерві институты заңның өтпелі бабымен қызмет етеді және осы жылдың соңында қысқартылады. Осындай шаралар тәжірибеде командалық ауыс-түйісті айтарлықтиай қысқартады және мемлекеттік аппаратты тұрақтандыруға мүмкіндік береді»,-деді вице-министр.

Бұдан бөлек, министрлік министрдің халық алдындағы есептік кездесуі барысында ұсыныс немесе тілек негізінде айтылған Б корпусы әкімшілік лауазымын иелену байқауын өткізу ережесіне өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика