Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР мемқызметінде төмен лауазымнан жоғарыға тағайындалу жарты жыл ішінде 16,4%-ға артты

Ішкі байқау институты енгізілгеннен кейін, ал ол жерде тек мемқызметтер ғана қатыса алады, төмен лауазымнан жоғарыға тағайындалу өткен жылмен салыстырғанда жарты жыл ішінде 16,4%-ға артты, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Нұрлан Ыбырайым 2016 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы20 Шілде , 10:36

«Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда мемлекеттік қызметтің мансап үлгісі енгізілді және жұмысына кірісті және ол байқау іріктеуіне негізделген. Ішкі және жалпы байқаудың барлық саны бойынша бос орындардың  48%-ын қазір жұмыс жасап жатқан мемлекеттiк қызметшiлер атқаруда, осы уақытта өткен жылы аталмыш көрсеткіш 26%-ды көрсеткен»,-деді Н.Ыбырайым.

Оның айтуы бойынша, ішкі байқау институты енгізілгеннен кейін, ал ол жерде тек мемқызметтер ғана қатыса алады, төмен лауазымнан жоғарыға тағайындалу өткен жылмен салыстырғанда  жарты жыл ішінде 16,4%-ға артты.

Вице-министрдің айтуынша, тағы бір жоғары сатыға көтерілген деректің бірі, мемқызметкерлердің тартымдылығының артуы.

Министрліктің мәліметі бойынша, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыспалылық 5,6 %-ды құрады, ал 2016 жылы ол 3,6%-ы көрсетті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика