Адамзаттық капитал

Биыл 2 мыңнан астам белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2016 жылдың басынан бастап белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының жанындағы (әрі қарай - ӘБО) арнаулы мобильді әлеуметтік патруль қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2 мың 332 адамға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Казахстан20 Шілде , 11:32

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай,  жоғарыда аталған мобильді қызметтер еліміздің барлық аймақтарында құрылды. Оның негізгі қызметі – АӘҚ-ға зәру белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау, оларға қажетті көмек беру үшін уақытша болу ұйымдарына жеткізу.

АӘҚ алғашқы медициналық тексеру мен алғашқы санитарлық тазалау, дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесуді қарастырады.

Сонымен қатар, ӘБО мобильді қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында ресоциализация қажеттілігінің пайдасы туралы үнемі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Егер адам ресоциализация шартына отыруға келісім берсе, ол ӘБО-ға, бас тартқан жағдайда – түнде болу бөлімшесіне жеткізіледі.

2015 жылдың қорытындысы бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі 1,6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика