Халықаралық интеграция

Түркия елшісі Қазақстанның Еуразияның транзиттік-логистикалық хабы ретіндегі айрықша рөлін атап өтті

ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Шілде , 12:32

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік, транзиттік және логистикалық, авиациялық ынтьымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.  Тараптар таяуда ғана ашылған Ыстамбұл-Шымкент авиарейсін ашылуын мысал ретінде келтірді. 

ҚР Түркияның Елшісі Қазақстанның Еуразияның транзиттік-логистикалық хабы ретіндегі айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның өңірлеріндегі қазақстандық-түркиялық индустриалдық аймақтарының қазіргі кездегі қызметін талқылады, сонымен бірге сауда, экономика және инвестиция салаларындағы еншілестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика