Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның электрондық үкіметі арқылы 20 милионнан артық қызмет көрсетілді

Қазақстанда электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы көрсетілген қызмет саны 140 млн. асты. Тек осы жылдың бірінші жартысында азматтарға 20 млн атсам қызмет көрсетіліп үлгерді, деп хабарлады “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ.
Казахстан20 Шілде , 12:56

Egov арқылы ең жиі көрсетілген қызметтің түрі - адрес анықтамаларды беру – берілген анықтамалар саны 70 млн астам. Сұраныс бойынша екінші орында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама тұр - шамамен 20 млн. Сондай-ақ, ең қөп сұранысқа ие қызметтердің арасында жылжымайтын мүліктің болмауы / болуы туралы куәлік пен зейнетақы шотының үзіндісі де бар – осы құжаттардың әрқайсысы шамамен 13 млн рет берілді. Бесінші орынды соттылықтың болмауы туралы анықтама иемденіп тұр – 6 млн. астам рет берілді.

Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер сомасы шілденің басына қарай 21 млрд. теңгені құрады, олардың ішінен 6,3 млрд. теңге 2016 жылдың бірінші жартысында төленген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе аз екенін атап өткен жөн – былтыр бұл көрсеткіш шамамен 4 млрд теңге құрады.

Қазіргі таңда www.egov.kz электрондық үкімет порталында 240 түрлі қызмет пен сервистер қолжетімді екнін естеріңізге сала кетейік.

    

 




Яндекс.Метрика