Білім беру

«Ризашылық» республикалық мереке аясында ШҚО балалар үйінің 1200-ден астам тәрбиеленушісі сыйлық алды

«Ризашылық» республикалық мереке аясында Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің 1200-ден астам тәрбиеленушісі сыйлық алды, деп хабарлайды ШҚО-ның ақпараттық орталығы.
Астана қаласы28 Қараша , 14:35

«Бұл күні балалар үйіндегі бірде бір бүлдіршін сыйлықсыз қалмады. Мерекеге қатысуға мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен спорттық мекемелер қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.

Мысалға, «Торпеда» хоккей клубының ойыншылары «Үміт» балалар үйіне қысқы сырғанақ тебуге керек-жарақты алып берді. Қатон-Қарағай ауданы әкімдігі болса мекемеге теннис үстелін сыйлады.

Хабарламада айтылғандай, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бұдан да басқа мерекелерде түрлі шаралар ұйымдастырылады. Соның ішінде мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банк филиалдары мен қоғамдық ұйымдар балаларға алуан түрлі сыйлықтар сыйлайды.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде аталмыш мақсатта 122 млн теңге жұмсалған.




Яндекс.Метрика