Халықаралық интеграция

Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мирас тізіміне қосылды

Ыстамбұл қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мирас Комитетінің 40-шы сессиясында «Барыс Тянь-Шаньді» ЮНЕКО-ның Дүниежүзілік мирас тізіміне қосу туралы шешім қабылданды. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері ұсынған.
Әлемде20 Шілде , 09:34

Дүниежүзілік мирас Комитеті аталмыш аймақ табиғатының кереметтігін мойындады. Өйткені ол жер эндемизмнің жоғары деңгейімен және флора мен фаунаның артықшылығымен, Мензбир суыры, қар барысы, Қаратау тау арқары және тағы басқа да тылсым табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді, деп хаьарлады ҚР сыртқы саясат ведоствосынан.

Халықаралық сарапшылар Батыс Тянь-Шаньның құндылығын жоғары бағалады. Тек осы жерде адамға қажет өсімдіктердің алуан түрі өседі. Әсіресе жеміс пен жаңғақ, алма және алманың керемет сұрыптары бар. Бұл құнды генефонд.

Нысанның Дүниежүзілік мирастық мәртебесі бірегей табиғи кешеннің бүтіндей сақталуына кепілдік болады. Сонымен қатар, мемлекет пен халықаралық қоғамдастыққа қосымша оны сақтау мен дамыту тұрғысында үлкен міндет жүктейді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика