Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Тәжікстанның Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде20 Шілде , 09:13

Рәсімнен кейін өткен кездесуде Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегі талқыланды.

Э. Рахмон Қазақстанмен қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілетуге және дамытуға Тәжікстан зор маңыз беретінін атап өтті. Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар Тәжікстанның тәуелсіздік жылдарындағы құнды жетістіктердің бірі болып отыр.

Сұхбат соңында Н. Сейтімов Тәжікстанның Президентіне кездескені үшін алғысын білдіріп, екі жақты қарым-қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге бар күш-жігер салатынын растады.

 




Яндекс.Метрика