Үкімет

ҚР ИДМ: Индустрияландырудың жаңа бағдарламасы экспорттаушыларға қолдау көрсетеді

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысындағы өз баяндамасында ИИДМБ ғаламдық салалық және технологиялық трендтерге сәйкес жаңартылғанын хабарлады.
Астана қаласы19 Шілде , 18:49

Министрдің сөзінше бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуын тиімді ынталандыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, еңбек өнімділігі артып, дайын өнімдер экспорты өседі.  

Мақсатты индикаторларға сәйкес 2019 жылы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорт көлемі (бағасы бойынша) 2015 жылмен салыстырғанда 19% жетуі тиіс. Осы сектордағы еңбек өнімділігінің өсімі 22% құрауы тиіс. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін 2015-2019 жылдары 4,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігі экспорт тұрғысынан неғұрлым маңызды сегіз өнеркәсіп секторын іріктеді: қара және түсті металлургия, мұнайды қайта өңдеу, мұнай және агрохимия, автокөлік құрастыру және электр-техникалық машина жасау, сондай-ақ тамақ өнімдерінің өндірісі.

Сонымен қатар, бұрынырақ айқындалған 14 басым секторға да мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкімет жүзеге асыратын жұмыстың негізгі бағыттарының қатарында келесілер бар: Индустриаландыру картасын құру тәсілдерін қайта қарау, өнімділік пен экспортқа бағытталу критерийлерін енгізе отырып мемлекеттік қолдау көрсету процедуралары мен ережелерін қайта қарау, ұлттық экспорттық брендтерді қалыптастыру және дамыту.

Сондай-ақ инновациялар орталығын құру шеңберінде жаңа бастамаларды қолдау күшейтіліп, халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету шаралары қабылданады.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика