Үкімет

К.Мәсімов: Президенттің барлық тапсырмалары ерекше бақылауда болуы керек

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысының қорытындысын шығара отырып, Елбасының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда болуы керектігін айтып өтті.
Астана қаласы19 Шілде , 18:13

«Экономика оңтайлы қарқын ала бастады. Қазір оның шыңын бекіту қажет. Барлық бағдарламалар мен шешімдер, Елбасының тапсырмалары  бағдарламалардың әрбір әкімшісінде, әкімдерде бақылауда тұруы керек. Экономика сезінсе де, адамдар қосыла алмай жатыр. Экономикалық индикаторлардың адамдарға жеткені өте маңызды. Бұл жұмыс орны мен жалақы және өзге мәселелерге байланысты», - деді Премьер-Министр.

К.Мәсімов айтып өткендей, ол өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырады, онда ерекше мән жұмыспен қамту мен жұмыс орындарының ашылуына қатысты болады.

Премьер-Министр айтып өткендей, мемлекет пен билік өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамсыз етуі керек.

 




Яндекс.Метрика