Үкімет

ҚР МСМ радикалдық және деструктивтік діни ағымдарды жақтаушылармен бірге жұмыс жасайтын оңалту орталықтарын құруды ұсынды

ҚР МСМ Астана, Алматы және барлық облыстарда радикалдық және деструктивтік діни ағымдарды жақтаушылармен бірге жұмыс жасайтын оңалту орталықтарын құруды ұсынды, бұл туралы Астанада болып жатқан Үкімет отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабардар етті.
Астана қаласы19 Шілде , 17:36

«Біздің ұсыныстарымыз жұмыс тобының отырыснда қарастырылды және 2016 жылдың 1 шілдесінде хаттама қабылданды, соған сәйкес министрлік тарапынан кешендік шараларды іске асыру керек. Біріншіден, діни бірлестіктерге ұсынымдар ұсынылады, бірінші кезекте, Қазақстан мұсылмандарына рухани басқарушылық, діни жораларды өткізу үшін бірыңғай тәртіп қабылдау. Діншіл адамдар тарапынан бірнеше рет бірыңғай діни тәжірибе жасау туралы ұсыныстар түсті. Мемлекет аса маңызды діни қызметтерге араласа алмайды, сол себепті құрылған ынтымақтастық аясында рухани басқарымға ұсынамыз»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Екіншіден, оның айтуы бойынша, министрлік ІІМ мен ЖАО өзара әрекетімен бірге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмысты өткізуде.

«Үшіншіден, ІІМ бірге діни кездесулер жүргізуді бақылау үшін, діни қызмет, рәсімдер мен салттар, миссионерлік қызмет және діни әдебиет айналымдары бойынша меморгандар үшін әдістемелік ұсыныстарды дайындаудамыз.  Аталмыш жұмысты бастадық. Төртіншіден, қазіргі күні діни жұмыстар  мен діни бірлестіктермен ынтымақтастық бойынша жұмыстар үшін аудандық және қалалық әкімдіктерде бірліктер бөлінген»,-деді министр.

Бесіншіден, бірталай мәселелер шеңбері тұр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика