Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Президенті Экономика және бюджеттік жоспарлау министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевпен кездесу өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қараша , 14:34

«Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары және Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Ол аталған кезеңде еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,8 % болғанын, ал жыл қорытындысында болжамды 6 %-дық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті ел экономикасын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырту жүргізу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті.

Министр мемлекеттік және салалалық бағдарламаларға, олардың қайталануын жоюға және тиімділігін арттыруға бағытталған тексерісті аяқтау қорытындылары жөнінде ведомство жоспарлаған шаралар туралы да айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 

 




Яндекс.Метрика