Үкімет

Қазақстанда діни әдебиетке арналған міндетті діни сараптама енгізілуі мүмкін

Қазақстанда діни әдебиетке арналған міндетті діни сараптама енгізу мүмкін, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкіметтің отырысында.
Астана қаласы19 Шілде , 17:09

«Заңнама негізінде діни әдебиетті,  діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды дайындау мен өткізуге бақылау жүргізу қарастырылуда», - деді министр.

Оның айтуынша, осы заңға елде шығарылған кез келген әдебиеттің  діни сараптамадан өтуі қажеттігі туралы норманы енгізу қарастырылып отыр.

«Бұрындары бұл талап елге енгізілетін әдебиетке ғана қатысты болатын. Сараптамасыз діни әдебиетті тек жеке қолданыс үшін енгізуге болатын, бір ғана данада. Осыған дейін ол заңдық түрде бекітілмеген еді», - деді ведомство басшысы.

А.Мұхамедиұлы айтып өткендей, ұсынылып отырған түзетулер экстремистік мазмұндағы діндік материалдарды әшкерелеуге мүмкіндік береді.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика