Үкімет

Қ.Бишімбаев: БЖК аясында кәсіпкерлікті қолдау экономика өсуіне оң әсер етіп отыр

БЖК аясында кәсіпкерлікті қолдау экономика өсуіне оң әсер етіп отыр, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Астана қаласы19 Шілде , 16:32

«Дағдарыс жағдайында «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне оң әсер етіп отыр», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, ағымдығы жылдың басынан бастап 1213 жоба бойынша 95,3 млрд. теңге сомаға субсидия мен кепілдік берілді, сондай-ақ 185 микрокредит және 154 грант берілді.

«Жалпы, бағдарламаға 9,6 мың қатысушы ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 740 млрд. теңге сомаға өнім өндірді, 74 млрд. теңге сомасында салық төледі, 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, сақталды», - деді министр.

«Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жалғасуда. 2016 жылы әлеуметтік инфрақұрылым мен ТКШ объектілерін жөндеу жобаларын  іске қосуға, ауылдарды, ауылдық округтерді, кенттерді, аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыруға 93 млрд.теңге бөлінген болатын», - деді Қ.Бишімбаев.




Яндекс.Метрика